НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық бес боксшы қыздың екеуі финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Жартылай финалда Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) өзбекстандық Дильфуза Бекованы қапы қалдырып кетті. Ал Дана Дидай (75 келі) да өзбек бокшысы Сохиба Рузметованың осал тұсын тапты. Осылайша екі қазақстандық спортшы енді финалда бақ сынайды.
Ал қазақстандық үш боксшы жартылай финалд сүрінді. Атап айтқанда, Жасмин Қзизатова (69 келі) польшалық Басе Марцинковскаяға, Әсел Сағатова (81 келі) молдовалық Ксения Олифиренкоға, Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) да молдовалық Дарья Козорезге есе жіберді. Нәтижесінде аталған үш боксшы қола жүлдегер атанды.
Ал жігіттер арасында әзірге Санжар Тәшкенбай (49 келі) финалға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетелік, жастар арасындағы әлем чемпионатына еліміз атынан 20 боксшы аттанған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.