Бокстан әлем чемпионаты: Ел құрамасынан бүгін Талғат Сырымбетов рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты үшінші жарыс күнінде ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Талғат Сырымбетов 1/16 финалда иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехпен қолғап түйістіреді.

Қарсыласы - Азия чемпионы атанған тәжірибелі боксшы.

Еске салсақ, Талғат Сырымбетов бұған дейін биылғы әлем чемпионатында таиландтық Сакда Руамтхамды жеңіп кетті.

Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өткізіледі. Финалдық кездесулер 13 және 14 мамырға белгіленген.