НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында шаршы алаңға шыққан қазақстандық жеті боксшының алтауы жарысты жалғастыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін төрт боксшымыздың көрсеткен ойыны жайында хабарлаған едік.
Келесі кезекте қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов бүгін 69 келі салмақта Ник Бирден басым түсті. Бұдан бұрын ол 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы таиландтық Вуттичай Масукты орта жолда қалдырып кетті.
Тағы бір боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов те (81 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ол бүгін бразилиялық Кено Мачадоны сүріндірді.
Ал 91 келіден жоғары салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев Испаниядан келген Аюб Гадфаны жеңіп, жарыстың 1/4 финалына жолдама алды.
Сондай-ақ, жарыстың 1/4 финалдық сатысына Сәкен Бибосынов (53 келі), Қайрат Ерәлиев (57 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі) жолдама алған еді. Ал Закир Сафиуллин (63 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.