ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) ширек финалда өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жанкүйерлер екі боксшы арасындағы жекпе-жекті асыға күтеді. Әлем чемпионаты басталар алдында да олардың кездесуі жөнінде пікір айтқандар аз емес.
Қамшыбек Қоңқабаев бүгін, 7 мамырда сириялық Мохаммед Млайесті жеңіп, ширек финалға өтті.
Одан бұрын Алексей Дроновтың осал тұсын тапты.
Ал Баходир Джалолов алдымен Бахрейн боксшысы Данис Латыповты жеңсе, одан кейін аустралиялық Теремоан Джуниорды тізе бүктірді.
Қоңқабаев - Джалолов кездесуі 10 мамырға белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.