БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық Махмуд Сабырхан жекпе-жегін өткізді. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 51 келі салмақта бразилиялық Майкл Тринидадпен шеберлік байқасты.
Жекпе-жек барысында Махмуд алғашқы екі раундта қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің басымдығы байқалды. Төрешілер шешімімен Махмуд жартылай финалға шықты.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетсек, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Бүгін қазақстандық Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.