ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде жеңіске жеткен Нұрбек Оралбай (80 келі) жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевтың осал тұсын тапты.
«Алғашқы жекпе-жекте жеңіске жеттім. Қарсыласым - тәжірибелі боксшы, Токио Олимпиадасына қатысқан. Бапкерлерімнің тактикасы ойдағыдай жүзеге асты. Алдағы жекпе-жектерімде де жақсы ойын көрсетемін деген ойдамын. Туған елге абыроймен қайтуға бар күшімізді саламыз. Қолдау білдірген барша жанкүйерге рақмет айтамын», - деді Нұрбек Оралбай.
Еске салсақ, бүгін Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Ал Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинге есе жіберіп қойды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.