Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай Еуропа чемпионынан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Нұрбек Оралбай (80 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Қазақстандық спортшы әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен қолғап түйістірді. Қарсыласы жастар арасында Еуропа чемпионы атанған.
Жекпе-жек барысында Нұрбек жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.
Енді ел құрамасынан оның ағасы Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.