БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс жекпе-жегін өткізді. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Нұрқанат Райыс (75 келі) ширек финалда Сальваторе Кавалларомен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қос қарсыласын белсенді қимыл көрсетті. Десе де төрешілер италиялық боксшының шамалы басым екеніне қолдау білдірді. Төрешілер шешімімен италиялық жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Бұған дейін ел құрамасынан ширек финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабыржан (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал бүгінгі күндізгі сессияда Саматәли Төлтаев (60 келі) Софьян Умиаға жол берді.
Ал 23.00-де басталатын кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.