БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұрқанат Райыс ауғанстандық Сулиман Асламимен шеберлік байқасты.
Жекпе-жекте қазақстандық боксшының жинақы қимылы байқалды. Қарсыласқа көп соққыны дөп тигізді. Төрешілер оның жеңісін мойындады.
Нұрқанат 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичті жеңсе, одан кейін молдовалық Влад Гаврилюктен басым түсті.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен жеңіп, жарыстың аталған сатысына шықты.
Одан кейін Абылайхан Жүсіпов ширек финал жолдамасын иеленді.
Еске салсақ, бұдан бұрын жарыстың аталған сатысына Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) шықты.
Сондай-ақ, бүгін Нұрқанат Райыс (75 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.