БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы (51 келі) үндістандық Дитакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Сәкеннің басымдығы байқалып тұрды. Десе де ол кейбір сәттерде қарсыласының соққысын жіберіп алды.
Жалпы нәтижеде төрешілер Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірді. Ол осылайша ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен жеңіп, жарыстың аталған сатысына шықты.
Одан кейін Абылайхан Жүсіпов ширек финал жолдамасын иеленді.
Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) ауғанстандық Сулиман Асламиді тізе бүктірді.
Сондай-ақ, бүгін Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.