Бокстан әлем чемпионаты: Серік Теміржанов ширек финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Серік Теміржанов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Роланд Верешпен жұдырықтасты.
Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Бұл - оның осы біріншіліктегі екінші жекпе-жегі еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дулат Бекбауовтың келесі кезеңге өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті жеңіске жетті. Ал ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов 1/8 финалға өтті.
Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).