75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Тұрсынбай Құлахмет чехиялық боксшыны оңай жеңді. Ол екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Қазақстандық боксшының нық соққыларына орай төрешілер жерлесіміздің жеңісіне де күмән келтірген жоқ.
Қазылар бірауыздан Тұрсынбай Құлахметті жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, кеше рингке шыққан қазақстандық боксшылар түгелдей келесі айналымға өтті. Тұрсынбай Құлахметтен бөлек, 52 келідегі Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин де әлем чемпионатын одан әрі жалғастырады.