НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келіде Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Василий Левит бүгін 1/8 финалда Словакиядан келген Давид Михалекпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қарсыласын жеңіп кетті.
Василий Левит бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте сынға түскен еді. 2009 жылы медальден құр қалса, 2017 жылы қола жүлдегер атанды.
Бүгін Қазақстан боксшылары қатарынан Қайрат Ералиев (57 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) жеңіске жетіп, жарыстың 1/8 сатысына жолдама алды.
ФОТО: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.