Сонымен қатар Иван Дычко осы чемпионатта бесінші олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Ал Данабек Сужанов пен Василий Левит өкінішке орай жарыстан шығып қалды.
Әділбек Ниязымбетов қытайлық спортшы, былтырғы Азия ойындарының жүлдегері Мен Фанлонгпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Енді жартылай финалда Әділбек Ниязымбетов өзбек боксшысы Ельшод Расуловпен қолғап түйістіреді.
Әлем чемпионатында жарылай финалға шыққан тағы бір отандасымыз Иван Дычко өткен жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, хорватиялық бокшысы Филипп Хрговичпен кездесіп, 20:16 есебімен алға шықты.
Әлем чемпионатының жартылай финалы 7 қазан күні өтеді, ал бүгін, 6 қазан - чемпионатта демалыс күні болып есептеледі.