ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) сербиялық Снежана Силжковичпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сәтті ойын өткізді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан Алуаның жеңісін мойындады. Ол ширек финалға жолдама алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) мен Гүлсая Ержан (81 келі) жарыстың аталған сатысына шыққан болатын.
Енді ел құрамасынан қазақстандық Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі) шаршы алаңға шығады.
Ал Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.