Бүгін жасөспірімдер арасында 80 келіден жоғары салмақ санатында өнер көрсететін Надира Маратова жарыс жолына шығады. Ол ресейлік боксшысы Кристина Ткачевамен жұдырықтасады. Ал Жазира Орақбаева (46 келі) болғарлық Эми-Мари Тодоровамен, Меруерт Русланқызы (50 келі) түркиялық Айтен Кументормен шаршы алаңда кездеседі.
Ал жастар арасында Балауса Мұздыман (54 келі) таиландтық Рачанок Аунтахобпен, Любовь Хасиева (75 келі), түркиялық Бусеназ Серменелимен, Назым Ищанова (60 келі) британдық Шон Вайтвелл, ал Қазақстан құрамасының капитаны Баян Ақбаева (69 келі) түркиялық Айдемир Гиземмен жұдырықтасады.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Қазақстаннан бөлек Ресейде - 8, АҚШ-та - 4, Қытай, Үндістан, Моңғолияда - 3-тен, Польша, Таиланд, Түркия, Украинада - 2-ден, Әзербайжан, Қытайлық Тайбэй, Доминикан, Венгрия, Ирландия, Кореяда - 1-ден медаль бар деуге болады.