ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Валентина Хальзова (70 келі) Оңтүстік Корея боксшысы Су Чжин Сён кездесу өткізді.
Жекпе-жекте төрешілер қазақстандық спортшының жеңісіне бірауыздан қолдау білдірді,
Осылайша ол ел құрамасынан ширек финалға жолдама алған алғашқы боксшы атанды.
Әлем чемпионатында бүгін, 13 мамырда кешкі сессияда Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен кездеседі.
Ал Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) түркиялық Шеннур Демирмен жекпе-жекке шығады.
Дүбірлі додада ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.