Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Шымкент қалалық спорт басқармасы бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Біржан Жақыпов «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалғанын жазды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Шымкент әкімдігі

Жақыпов Біржан 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Өзінің спорттық мансабын бокс жолына арнаған.

Ол:
- Қазақстан Республикасының Президентінің Үкімімен «Құрмет» төс белгісімен мараптталды.
- Бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері 2005 жылы ОҚО «Ең үздік спортшысы» атанды. 2013 жылы «Құрмет» орденін иеленді.
- ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы;
- 2005 жыл Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
- 2008 жыл Куба Олимпиадасының жеңімпазы;
- 2008 жыл Әлем Кубогының қола жүлдегері;
- 2008 жыл Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы - V орын, Бейжің (ҚХР)
- 2010-2014 жылдары жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері;
- 2012 жыл Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы - V орын, Лондон (Ұлыбритания)
- 2013 жыл Әлем чемпионатының жеңімпазы ;
- 2014 жыл XVII Жазғы Азия Ойындарының күміс жүлдегері;
- 2015 жыл «AIBA Pro Boxing» жобасы аясындағы лицензиялық турнирінің жеңімпазы;
- 2016 жылғы Бразилияда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы - V орын.

Айта кетейік, Жақыпов ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келінің көшбасшысы атанып, 32 жасында Рио олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтаған болатын.