Бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Мэттью Маклинге қарсы өткізеді

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша бостан орташа салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 29 маусымда британдық Мэттью Маклинге қарсы өткізеді.

Бұл туралы Vesti.kz Boxrec.com. сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстандық былғары қолғап шебері үшін бұл биылғы жылғы үшінші кездесу және WBA белбеуін 8-ші мәрте қорғауы болмақ. Британдық болса соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 15 қыркүйегінде өткізіп, гаитяндық боксшы Джоашим Альсинді бірінші раундта нокаутқа жіберді. Оған дейін Маклин екі жекпе-жекте жеңілген болатын: алғашқы қарсыласы неміс Феликс Штурмға, кейін аргентиналық боксшы Серхио Габриэль Мартинеске.

Алайда, Головкин мен Маклин командалары арасындағы келіссөздер әзірге аяқталмағандығы хабарлануда. Егер екі тарап оң шешімге келсе, онда Головкин мен Маклин Нью-Йоркта қолғап түйістіретін болады. Оны НВО телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Еске сала кетейік, Г.Головкин соңғы жекпе-жегінде жапондық Нобухиро Ишиданы нокаутқа жіберді.