Дүбірлі додада бастапқыда 44 елдің былғары қолғап шеберлері бақ сынаған еді. Олардың арасынан 23-і жартылай финалға жетті. Олардың арасынан Қазақстан 8 боксшысы (5 әйел, 3 ер) бүгін шаршы алаңға шығады.
09:00 A рингі
70 келі. Абылайхан Жүсіпов - Зеяд Еашаш (Иордания)
80 келіден жоғары. Дина Исламбекова - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
09:00 B рингі
54 келі. Назым Қызайбай - Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд)
60 келі. Виктория Графеева - Ситора Турдибекова (Өзбекстан)
80 келі. Валерия Аксенова - Давина Мишель (Франция)
15:30 A рингі
50 келі. Санжар Ташкенбай - Мартин Молина Сальвадор (Испания)
65 келі. Аида Әбікеева - Беатриз Феррейра (Бразилия)
90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Джоэл Рамос (Бразилия).
Айта кетсек, Жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай - 9, Қазақстан мен Франция - 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша - 6, Англия мен Бразилия - 4, Әзербайжан мен Италия - 3, АҚШ, Болгария, Оңтүстік Корея, Иордания, Испания - 2 спортшысына сенім білдіреді.
Ал жартылай финалда Аустралия, Германия, Канада, Иран, Мексика, Тайпей, Таиланд және Молдовадан 1 былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.