Нәтижесінде 44 елдің арасынан 14 мемлекеттің өкілі ақтық сынға өтті. Нәтижесінде Өзбекстан - 7, Қытай - 6, Қазақстан - 5, Үндістан мен Франция - 4, Бразилия - 3, Англия, АҚШ, Италия - 2, Тайпей, Болгария, Әзербайжан, Германия, Канада - 1 үздігіне үміт артып отыр.
Біздің елімізден беделді бәсекеге 17 спортшы барды. Енді финалда Қазақстан құрамасынан 5 боксшысы (2 әйел, 3 ер) ертең шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, 20 маусымда ел құрамасынан Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға шықса, Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Валерия Аксенова (80 келі), Аида Әбікеева (65 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.