АММАН. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Василий Левит ел қоржынына екінші алтын медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
91 келі салмақта өнер көрсететін Василий Левит бұл жолы да ел намысын абыроймен қорғады. Ол финалда Жаңа Зеландия өкілі Дэвид Никамен жұдырықтасып, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Осылайша, қазақстандық боксшылардан финалға шыққан төрт боксшының екеуі чемпион атынып, екеуі күміс жүлдені қанағат тұтты.
Күмісті осыған дейін хабарлағанымыздай, 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин мен 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл иеленді. Бірніші «алтын» 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетовтің еншісінде болса, екінші алтын жүлдені Василий Левит қанжығасына байлады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.