91 келіден жоғары салмақ санатында қызлордалық Қамшыбек Қонқабаев пен павлодарлық Олжас Боқаев кездесті. Тартысты өткен кездесудің нәтижесінде Боқаев жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Азамат Исақұлов, 56 келіде Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 91 келіге дейін Антон Пинчук чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.