Бокстан Астанадағы әлем кубогы: Алуа Балқыбекова 1/4 финалға жолдама алды
15:44, 02 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан елордада өтіп жатқан әлем кубогы аясындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Дженифер Лозаномен (АҚШ) қолғап түйістірді.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, қазақстандық боксшы шешуші раундта жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай өзбек боксшысын жарыс жолынан шығарғанын жазған едік.