Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Дженифер Лозаномен (АҚШ) қолғап түйістірді.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, қазақстандық боксшы шешуші раундта жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай өзбек боксшысын жарыс жолынан шығарғанын жазған едік.