АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлем біріншілігі 14-26 наурыз күндері Үндістан елінің астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.
Қазақстан құрамасы әлемдік додаға толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Ел намысын мына спортшылар қорғайды.
48 келі – Алуа Балқыбекова,
50 келі – Назым Қызайбай,
52 келі – Жазира Орақбаева,
54 келі – Жайна Шекербекова,
57 келі – Карина Ибрагимова,
60 келі – Римма Волосенко,
63 келі – Аида Әбікеева,
66 келі – Надежда Рябец,
70 келі – Мәдина Нұршаева,
75 келі – Валентина Хальзова,
81 келі – Фариза Шолтай,
81 келі – Ләззат Күнгейбаева.
Қазақстан әйелдер құрамы сапында әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).