Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: Жайна Шекербекова ширек финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы қыз Жайна Шекербекова Астанада өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

51 келі салмақта өнер көрсеткен ол солтүстіккореялық Ри Хян Мимен жекпе-жек өткізіп, 3-0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұның алдында Назым Қызайбай (48 кг) мен Зарина Цолоева (64 кг) 1/4 финалға жолдама алған.

Осылайша байрақты бәсекеге қатысқан қазақстандық 10 боксшы қыздың 8-і жарысты әрі қарай жалғастырады.