НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер құрамасы Польшадан өткен халықаралық турнирде 11 медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық турнирде Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды.
Үздік үштікке Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сания Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева ілікті.
Еске салсақ, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды .
Сондай-ақ, бокс 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін екені белгілі болды .
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.