Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы 12 алтын медаль жеңіп алды
14:41, 22 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U-22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша қыздарымыз финалдық жекпе-жектің барлығында чемпион атанды.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, аға жаттықтырушы Жанкелді Ахметовтың шәкірттері 12 алтынды қоржынға салды.
48 келі. Айым Танкибаева
50 келі. Сила Биболсынқызы
52 келі. Рахмина Абдумежитова
54 келі. Жанель Имантаева
57 келі. Ақнұр Тұрсынғали
60 келі. Толғанай Қасымхан
63 келі. Алина Құдайгенова
66 келі. Ақбота Есімбекова
70 келі. Мария Сидоренко
75 келі. Зарина Толыбай
81 келі. Құралай Егінбайқызы
+81 келі. Сабина Жақсылық
Бұған дейін Әзербайжандағы турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 11 медаль алғанын жазған болатынбыз.