АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, құрлықтық дода 1 қарашада жалауын көтерді. Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан ешкім шаршы алаңға шыққан жоқ.
2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды.
Алдымен 51 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Спарш Кумармен қолғап түйістірсе, 57 келіде Серік Теміржанов түрікменстандық Ихлаз Гылычжановпен кездеседі.
Бұл күнгі тағы бір жекпе-жек 63,5 келіде Санатәли Төлтаев пен өзбекстандық Руслан Абдуллаев арасында өтеді.
Ал қыздар арасында 50 келіде Назым Қызайбай таиландтық Раксат Чутхаматпен айқасады.
Жалпы құрлықтық додада ерлер – 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.
Қазақстанның ерлер құрамасы сапында кімдер ойын көрсететінін бұған дейін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ ел намысын қорғайтын ҚР әйелдер құрамасының тізімі жарияланды.
Азия чемпионаты 13 қарашаға дейін жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.