64 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сафронова финалды үндістандық Лалбуатсаихиді ұтып, Азия чемпионатының «алтынын» иеленді. Бұл Қазақстан командасының құрлық додасындағы бесінші алтыны.
Бұған дейін Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко жеңіске жеткен болатын.