Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдерін жариялады.

Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланған.

49 келі - Теміртас Жүсіпов

52 келі - Олжас Сәттібаев

56 келі - Қайрат Ералиев

60 келі - Зәкір Сафиуллин

64 келі - Самат Бәшенов

69 келі - Данияр Елеусінов

75 келі - Жәнібек Әлімханұлы

81 келі - Әділбек Ниязымбетов

91 келі - Василий Левит

91 келі - Иван Дычко