АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы - Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатында ерлер мен әйелдер қанша салмақта сынға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық додада ерлер 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.
Қазірге дейін аталған бәсекеде ел намысын қорғайтын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі белгілі болды.
Ал ерлер құрамасының тізімі жақын күндері анықталады.
Беделді бәсеке Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ережелері негізінде ұйымдастырылады.
Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.
Фото: nova.rs
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.