Бокстан ел құрамасы Еуропаның ежелгі турниріне қатысады

Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айында Венгрияның Эгер қаласында Гергей Борнемиссаны еске алуға арналған жастар және жөсөспірімдер боксынан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

72-ші мемориалдық турнир 5-11 маусымда өтеді. Ол «Странджа», «Алтын қолғап» және «Бочкаи мемориалы» секілді ежелгі еуропалық халықаралық турнирлердің бірі. Турнир венгр лейтенанты, ұлттық батыр Гергей Борнемиссаның құрметіне аталған. Ол 1552 жылы Осман қоршауы кезінде Эгер қамалын қорғап қалған.
Эгер турниріне екі түрлі жас санатындағы боксшылар - 2005-2006 жылы және 2007-2008 жылы туғандар қатысады. Жасөспірім ұлдар 13 салмақ дәрежесінде, қыздар - 12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.