АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан халықаралық «Elorda Cup» турнирінде 86 келі салмақта Абзал Құттыбеков чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы финалда тағы бір отандасымыз Шаймұрат Құсайыновты жеңді. Ол былтыр да аталған халықаралық турнирде жеңіс тұғырына көтерілген еді.
Сондай-ақ биылғы турнирде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Сәкен Бибосынов (51 кел), Махмуд Сабырхан (57 келі) чемпион атанды. Ал Бекнұр Ожанов (60 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі) күміс жүлдегер болды.
Осы сәтте халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Бәсекеге 10 елден 200-ден астам спортшы жиналды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.