Бокстан «Elorda Cup» турнирі: Махмуд Сабырхан жеңімпаз болды

Фото: Фото: kfb.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан «Elorda Cup» халықаралық турнирінде 57 келі салмақтағы Махмуд Сабырхан жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Махмуд Сабырхан финалда тағы бір отандасымыз Асылжан Серікбаймен кездесуі тиіс болатын. Алайда қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша Махмуд халықаралық турнирде жеңіс тұғырына көтерілді.

Махмуд Сабырхан 2001 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2021 жылы күміс жүлдегер болды. Сондай-ақ 2022 жылы Азия чемпионатында екінші орын алды.

Еске салсақ, бүгін «Elorda Cup» турнирінде Сәкен Бибосынов чемпион атанған болатын.

Осы сәтте халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Бәсекеге 10 елден 200-ден астам спортшы жиналды.