АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан «Elorda Cup» халықаралық турнирінде Сәкен Бибосынов 51 келі салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
С.Бибосынов финалда қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Кенже Мұратұлымен кездесті. Ол жекпе-жек барысында қарсыласынан мықты екенін көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 5:0.
Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды.
Айта кетсек, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.
Байрақты бәсекеде 10 елден 200-ден астам спортшы медальдар үшін таласуда. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.