Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаттарының өткізілетін мерзімі анықталды
20:58, 23 Қараша 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаттарының өткізілетін уақыттары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Басты мақсат – еліміздің барлық өңірінен келген мықты спортшыларды анықтау және ұлттық құраманы жасақтау, бапкерлер мен төрешілер жұмысын бағалау сонымен қатар алдағы жарыстарға дайындық.
Әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты тұңғыш рет 12 салмақ дәрежесінде, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шучинск қаласында «Жақсы» спорттық базасында 7-12 желтоқсан аралығында өтеді.
Еліміздің батыс өңірінде өтетін, ерлер арасындағы ел біріншілігі 13 салмақ дәрежесінде, Орал қаласы, Астана шағын ауданы 17, «Теннис орталығында» 14-24 желтоқсан аралығына жоспарланған.