Бұл туралы бүгін Қазақстан бокс федерациясының Атқару комитетінің бюросы біріншілікті өткізуге өтінш берген өңірлерді қарап шығып, Оңтүстік Қазақстан облысын чемпионатты өткізуге лайықты деп бірауыздан мақұлдады.
Ел біріншілігі 6-12 қараша аралығында 1500 көрерменге арналған спорт алаңында өтеді.
«Бізге чемпионатты сеніп тапсырғанына қуаныштымыз. Ел біріншілігін жоғары деңгейде өткізуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз барлық спортшыларды және жанкүйерлерді қонақжай Оңтүстік Қазақстан жерінде күтудеміз, - деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясының атқарушы директоры Рахманбек Арғынбаев отырыс барысында.
Айта кетейік, осы ел біріншілігінен кейін, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы қайта жасақталады. Бұл біріншілікте Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов те өнер көрсетіп, Ұлттық құрамадағы өз орнын сақтап қалуға тырысады.