«Мемлекет және Қазақстан бокс федерация басшылығы жағынан сенім білдіріп жатқанына алғысымды айтамын. Бұл тұрғыда бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан боксында бірқатар проблема бар. Ол проблемаларды Париж Олимпиадасында көрдік. Ең біріншіден, жаттығу жоспарларының дұрыс құрылмауы мен командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының өтпеуі себебінен», - деді Қ. Сәтжанов.
Оның айтуынша, алға ауқымды жоспар қойылып отыр. Біріншіден, жасөспірімдер, жастар командаларына бірдей көңіл бөлу, сондай-ақ Қазақстандағы іріктеу жарыстарының әділ өтуіне екпін қойылмақ.
Бұрын хабарланғандай, осы аптада Қазақстан Бокс федерациясы Қайрат Сәтжановтың бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.