Бұл күні қазақстандық жанкүйерлер Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова, Төрехан Сабырхан, Махмуд Сабырхан, Нұрбек Оралбай сынды былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жегін тамашалай алады.
28 қыркүйек
¼ финалдық жекпе-жектер
8:00. 51 келі. Алуа Балқыбекова — Юна Нишинака (Жапония)
9:00. 75 келі. Наталья Богданова — Азиза Зокирова (Өзбекстан)
10:00. 70 келі. Төрехан Сабырхан — Али ас-сараи (Ирак)
14:00. 55 келі. Махмұд Сабырхан — Жаенг Шин (Қытай)
15:00. 90 келі. Нұрбек Оралбай — Турабек Хабиббуллаев (Өзбекстан)
Айта кетсек, ел құрамасынан алдымен ¼ финалда 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай жартылай финал жолдамасына қол жеткізді.
Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.