Бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы Алматыдағы Бүкіләлемдік АІВА бокс академиясының базасында әлем біріншілігіне дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев мәлім етті.

«Қазіргі таңда ұлттық құраманың барлық мүшелеріменАлматыда Бүкіләлемдік АІВА бокс академиясының базасында оқу-жаттығу жиынынөткізіп жатырмыз. Бұл - алдағыкеле жатқан Әлемчемпионатына дайындық. Алатау бөктерінде боксшылар тауға шығу, тас лақтыру, жүгіру сияқты физикалық дайындықтарын жетілдіруде. Енді санаулы күндерден кейін соңғыдайындығымызды елордада пысықтап, ары қарай Екатеринбургте өтетін Әлем чемпионатына аттанамыз», - депатап өтті бас бапкер.

Әлем біріншілігінде ел намысын кімдер қорғайтыны туралы сауалға Ғ.Кенжебаев қысқағана жауап қайырды.

«Әлем біріншілігінде ел намысын кімдердіңқорғайтынын осы Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін айтамыз. Ең маңыздысы, биылғы жылдың бастыдодасына боксшылар толық құрамда барып бақ сынайды», - деді Ғалымбек Кенжебаев.

Айта кетейік, бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионаты қыркүйек айындаЕкатеринбургте (Ресей) өтеді деп жоспарланған.