Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов академияға 69-дан 91 келіге дейін және одан жоғары тапшы салмақ санатындағы спарринг әріптестер келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
Олардың біразы олимпиадалық жолдамалар ұтқан - Араик Марутян (69 келі), Давид Граф (91 келі) және Эрик Пфайфер (91 келіден жоғары).
Қазақстандық бокс федерациясы атап өткендей, неміс командасы мүшелерінің жартысына жуығы орыс тілінде сөйлейді. Марутян мен Граф - Армения, Пфайфер - Ресей тумалары.
Қазір біздің спортшылар мен неміс боксшылары жұппен жаттығу жасауда, екі команданың кездесуі 17 және 19 ақпанда өтеді.