Бұл туралы Афина олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы бүкіл әлемдегі өзекті мәселеге қарсы екендерін және #Noterrorism #Noextremism қоғамдық акциясын бізбен бірге қолдап ел тыныштығы мен ұлт болашағы үшін алаңдайтындықтарын білдірді», - деп жазды Б.Артаев.
Сондай-ақ, ол боксшыларымызға Германияда өтетін әлем біріншігінде сәттілік тіледі.
«Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына рахмет айта отырып, Германияда өтетін әлем біріншілігінде сәттілілік тілеп ,Ел сенімін абыроймен ақтап,жеңіспен оралуларына тілектеспіз», - деп жазды ол.