54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда қазақстандық Дина Жоламан қытайлық Пьяопьяо Льюді тізе бүктірді. Есеп - 3:0 (39:37, 39:37, 39:37).
Жерлес спортшымыз финалда Кристина Крусты (АҚШ) жеңген Стойка Петровамен (Болгария) кездеседі.
Шешуші кездесулер ертең өтеді.