Атап айтсақ, әйелдер арасында 60 келі салмақта Римма Волосенко, ерлер арасында 71 келі салмақта Асыланбек Шымбергенов және 63,5 келі салмақта Мухаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.
5 наурыз күнгі жарыс кетсесі:
Астана уақытмен 15:00:
60 келі - Қазақстан - Римма ВОЛОСЕНКО - Petra SZABO (Венгрия)
21:45:
71 келі - Қазақстан - Асланбек ШЫМБЕРГЕНОВ - Sam MOROVATI (Финляндия)
00:30:
63,5 келі - Қазақстан - Мухаммедсабыр БАЗАРБАЙУЛЫ - Phillip DONNEL (Тринидад/Тобаго).
Естеріңізге сала кетейік, аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысып жатыр.
Лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда.
Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.