Чемионатқа 2016 жылы WSB жобасындағы «Азияның ең үздік боксшысы» атанған Асланбек Шымбергенов (69 кг), Қазақстан Республикасының бокс шебері, халықаралық турнирлердің жүлдегері Расул Жаңбырбай, 91 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Антон Пинчук және тағы да басқа отандық бокстың үздіктері қатысады.
Аталмыш спорт додасын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфир арқылы тарататын болады.