Бокстан Президент кубогы: Қазақстандықтар 18 медаль еншіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Президент кубогына арналған бокс турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық олимпиада комиететінің хабрлауынша, Қазақстан ерлеркомандасы Президент кубогына арналғанбокс турнирін жарысты 18 жүлдемен аяқтаған. Оның жетеу – алтын.

Атап айтсақ, 52 келіде Сәкен Бибосынов үздік атанса, 57келіде Рустам Рустамов жеңіс тұғырына көтерілген. 69 келіде кәнігі боксшы Абылайхан Жүсіпов топжарса, 75 келіде Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет ел намысын асқақтатқан. ЕрікӘлжанов 81 келіде жеңімпаз атанған. 91 келіде жас боксшы Айбек Оралбай осысалмақты фавориті саналатын Василий Левитпен жұдырықтасқан болатын. Тәжіирбелі Василий Левит турнир чемпионыатанды. Аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың мысы бәріненбасым болды.

Турнирдің 7 күміс медалі де Қазақстанда қалатын болды.Махмұт Сабырхан (52 келі), Ілияс Сүлейменов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63келі), Талғат Шайкен (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Айбек Оралбай (91келі) және Нұрлан Сапарбай (+91 келі) финалда ғана сүрінген.

«Турнир жоғарыдеңгейде өтті. Көрсе көз тоятын жекпе-жектер көп болды. Бұл сында АбылайханЖүсіпов өз мықтылығын дәлелдеді. Финалда жас спортшы Талғат Шайкенмен кездесті.Шыны керек, Жүсіповтің мықтылығы көзге ұрып тұрды. 75 келіде Тұрсынбай Құлахметжақсы қырынан танылды. Қамшыбек Қоңқабаев пен Василий Левит те үздіктерқатарында. Әсіресе, Азия чемпионатындағы жеңілістен соң Левиттің бабына келгенібайқалады. Финалда Айбек Оралбаймен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Әрине, Айбекте беріле салған жоқ. Алайда, оған физикалық тұрғыдан әлі дайындық керек. 57 келі және 81 келіде нақты көшбасшы жоқ.Мамандармен тағы да ақылдасу қажет», - дейді команданың бас бапкері ҒалымбекКенжебаев.

Қоржында тағы 4 қола бар. Олжас Байниязов 52 келіде, ҚайратЕрәлиев 57 келіде, Абзал Құттыбеков 91 келіде, Нұрболат Сермаханов 91 келіденжоғары салмақта үздік үштіктен көрінді. Халықаралық турнирдің «Үздік боксшы»атағын Махмұт Сабырхан алып қалды.

Соңғы жаңалықтар