Бокстан Шанхайдағы турнирде ел намысын кімдер қорғайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайдағы халықаралық сынға жеті боксшымыз аттанады. Олар:

49 келі: Шалқар Айқынбай

56 келі: Нұрбол Қалжанов

60 келі: Саматәлі Толтаев

69 келі: Талғат Шайкен

81 келі: Нұрбек Оралбай

91 келі: Айбек Оралбай

91 келі: Дамир Тойбай

«Бұл турнирде жастардың әлеуетін байқап көрмекпіз. Жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан боксшылармен қатар, ел Спартакиадасында көзге түскен жас таланттарға мүмкіндік беріп отырмыз. Ал ересектер Азия чемпионатынан кейін аздаған үзіліс алды», - дейді бас бапкер.

Шанхайдағы халықаралық турнир 2-9 маусым аралығында өтеді.