АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» кубогінде қазақстандық, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кіші әлем чемпионаты деп те аталатын айтулы додада Б.Нұрдәулетов 80 келіге дейінгі салмақта түбі ресейлік, Сербия атынан сынға түсіп жүрген Артем Агеевпен жұдырықтасты. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.
Тағы бір қазақстандық Кенже Мұратұлы 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Бишвамитра Чонгтхамнан жеңіліп қалды – 0:5.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Странджа» кубогінде қазақстандық сегіз боксшының шаршы алаңға шығатынын жазған болатынбыз.
Бүгін Оразбек Асылқұлов ¼ финалға жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).